Біз туралы

1b7

 Біздің кәсіпорынның бай тарихы және тамаша дәстүрлері, тату және біліктілігі жоғары ұжымға ие. Қонақ үйі 1970 жылдың 7 қарашасында ашылған. Біздің қызметкерлеріміз ешқашан туындаған проблемаларды елемей өтпейді, қонақтың танымайтын қалада өзін жайлы және тыныштықта сезінуі үшін қолынан келетіннің барлығын жасауға тырысады. Осы жылдардың ішінде көптеген азаматтар үшін біздің кешен жеке жылы естеліктермен байланысты. Орналасу орнының ерекшелігінің арқасында, «Өскемен» қонақ үйі кешені әрқашан қала мен облыс өмірінде болатын іскерлік және мәдені оқиғалардың ортасында болады. Біздің тұрақты Қонақтарымыз көп және біз оны мақтан тұтамыз. 

«Өскемен» қонақ үйінің қысқаша сипаттамасы:

Қаланың орталық бөлігінде, қонақтар үшін ыңғайлы жерде – қаланың әкімшілік және іскерлік орталығына жақын орналасқан сегіз қабатты кірпіш ғимарат, кірме жолдары ыңғайлы, маңайындағы аумағы абаттандырылған, автокөлікті аз уақыт ішінде қоюға арналған алаң, автотұрақ, ыңғайлы көлік айырымы бар. Бір қадам қолжетімділікте облыстық әкімдік, мемлекеттік мекемелер, Банктер, валюта айырбастау пункттері,  Республика алаңы, А.С.Пушкин ат. ШҚ облыстық кітапхана, «Үлбі» мәдениет үйі, Борис Александров ат. Спорт сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, сауда орталықтары, дәріханалар, облыстық емхана кешені, Үлбі өзенінің жағалауы орналасқан. Қаланың іскерлік бөлігіне де, өнеркәсіптік аумағына да кез келген көлік түрімен жетуге болады. Әуежайға дейінгі қашықтық – 12 км., «Защита» теміржол бекетіне дейін - 8 км.,  «Өскемен» теміржол бекетіне дейін - 2 км..

«Өскемен» қонақ үйі 206 орынға арналған бағалары әр түрлі, «Эконом» класынан бастап «Жоғары категориялы» нөмірлерге дейін 166 нөмір ұсынады. Категориясынан тәуелсіз барлық нөмірлер толық сан.тораптармен, кабельді теледидармен, жеке гигиена құралдарымен жабдықталған. «Жоғары категориялы» нөмірлерде одан басқа, кондиционер, тоңазытқыш, фен,  халат, тәпішке, шығын материалдары бар. Кез келген категориялы нөмір құнына қонақ үй мейрамханасында таңғы сағат 7 бастап 10 дейін ұсынылатын таңғы ас енгізілген. Қонақ үйінің әрбір қонағы ақылы, сондай-ақ тегін қызметтерді пайдалана алады: кір жуатын орын, үтіктейтін бөлме, тұрмыстық құралдарды жалға беру, белгілі сағатта ұйқыдан ояту, такси шақыру, нөмірге тамақ әкелу арқылы қызмет көрсету, басылымға шығару және көшіру,  қонақ үйі холдарындағы Wi-Fi. Қонақ үйі қызметтері үшін қолма-қол ақшамен, ақшасыз және кредит карталарымен төлеуге болады.

  • Қонақ үйіндегі есеп айырысу уақыты — сағат 12-00
  • Қонақ үйіне орналасу уақыты —  сағат  14-00
  • Ерте орналасу уақыты  —      сағат 00 бастап 8-00 дейін, орын құнының 50% көлемінде ақы төленеді
  • Кеш босату уақыты — сағат 16-00 бастап 00 дейін, орын құнының 50% көлемінде ақы төленеді
  • Бронды жою — қонақ үйіне келуден кем дегенде 24 сағат бұрын, айыппұлсыз
  • Қонақтың келмеуі жағдайында, брондау автоматты түрде, келесі күні сағат 12-00 шешіледі